10 сағат бұрын
Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін жеңіп алу мүмкіндігіне қатысты ойын айтты

Танымал серб теннисшісі Новак Джокович баспасөз мәслихатында алдағы жоспары жайлы пікір білдіріп, басты мақсаты — Уимблдон турниріне дайындалу екенін атап өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
— Әзірше ертең мансабымда не болатынын нақты айта алмаймын. Бірақ мен алға жылжи беремін (күледі). Әрине, Уимблдон — келесі турнир әрі бала кезімнен бергі сүйікті жарысым. Сол турнирге барынша дайындалуға тырысамын. Келесі «Үлкен дулыға» жүлдесін жеңіп алу мүмкіндігім, бәлкім, Уимблдонда болар. Немесе жылдам хард-кортта. Мысалы, Аустралияда. Бүгінгі ойыныммен және жалпы осы турнирдегі көрсеткішіммен мақтанамын. Себебі «Ролан Гарросқа» дейін жақсы физикалық көңіл-күйде болмадым, — деді Джокович.
Теннисші келесі жарыстарда жоғары нәтиже көрсетуге ниетті екенін айтып, жанкүйерлерін үміттендірді.
