7 сағат бұрын

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Фото: Antonio Borga / Еurasia Sport Images / Getty Images

Әлемнің екінші ракеткасы, испаниялық Карлос Алькарас Франция астанасы Парижде өткен «Ролан Гаррос» турнирінде топ жарды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Жарыстың ақтық матчында Алькарас әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық Янник Синнерді тізе бүктірді.

Қос теннисші арасында өткен финал драмаға ұласты. Алғашқы екі сетте Синнер 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Үшінші және төртінші партияны Алькарас өз пайдасына жазды – 6:4, 7:6. Ал тай-брейкке жалғасқан чемпиондық кезеңде Испанияның үздік теннисшісі 7:6 есебімен жеңіске жетті. Грунт төсенішіндегі кортта өткен кездесу 5 сағат 32 минутқа созылды.

Осылайша, Алькарас аталған додадағы чемпиондық атағын қорғап қалды. Одан бөлек, бұл – 22 жастағы ракетка шеберінің мансабында жеңген бесінші «Үлкен дулыға» турнирі болып тіркелді.

Айта кетейік, «Ролан Гаррос» турнирінің жалпы жүлде қоры 56 352 млн еуроны құрайды. Ал Алькарас чемпион атанғаны үшін 2 550 000 еуро сыйақыға ие болды.

Видео Шолу | Обзор: Португалия - 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Футбол 4 сағат бұрын

Видео Шолу | Обзор: Португалия - 2025 жылғы Ұлттар лигасының жеңімпазы

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Футбол 5 сағат бұрын

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының сегізінші туры өтеді

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Бокс 5 сағат бұрын

Қазақстандық тағы екі боксшы Нидерландтағы турнирде финалға шықты

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бокс 6 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Сабыржан Аққалықов қола жүлдені қанағат тұтты

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Теннис 7 сағат бұрын

Бессеттік триллердегі камбэк: Карлос Алькарас «Ролан Гаррос» чемпионы атанды

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды

Бокс 7 сағат бұрын

Нидерландтағы турнирде Абылайхан Жүсіпов финалға жолдама алды