4 сағат бұрын
WTA рейтингі: қазақстандық теннисші үздік ондыққа енді

Фото: Getty Images
Әйелдер теннис қауымдастығы 2025 жылдың 9 маусымында Францияда өткен додадан кейін рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жұптық сындағы Қазақстанның ең үздік теннисшісі Анна Данилина 8 сатыға көтеріліп, 9-орынға жайғасты.
Анна Данилина Ролан Гаррос турнирінде сербиялық Александра Круничпен бірге финалға дейін жетіп, тарихи жетістікке қол жеткізген еді. Финалда олар Олимпиада чемпиондары — Сара Эррани мен Жасмин Паолиниге қарсы 4:6, 6:2, 1:6 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, Данилина мен Крунич Ролан Гаррос турнирінде 295 000 еуро табыс тапты.
WTA рейтингінің ТОП-100-іне Данилинадан бөлек Юлия Путинцева да енген. Ол 9 сатыға көтеріліп, қазір 64-ші орында тұр.
