12.06.2025
Анна Данилина Лондондағы турнирді сәтті бастады
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Анна Данилина Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан HSBC Championships WTA 500 Queen's Club турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жұптық сында ресейлік Диана Шнайдермен бірге бақ сынаған еліміздің үздік теннисшісі жарыстың 1/8 финалында Джулиана Олмос (Мексика) / Александра Панова (Ресей) тандемін 2:0 (6:4, 7:5) есебімен тізе бүктірді.
Енді Данилина мен Шнайдер келесі кезеңде Сторм Хантер (Аустралия) / Дезире Кравчик (АҚШ) жұбына қарсы матч өткізеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Азамат Бақи