8 сағат бұрын
Алғаш рет қазақ баласы «Уимблдонның» негізгі кезеңіне жолдама алды

Қазақ теннисшісі Бейбіт Жұқаев Уимблдон турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Sport12.kz
Ол іріктеудегі үш қарсыласынан да басым түсті.
1-іріктеу: Жұқаев (251 орын) - Виталий Сачко (Украина, 213) 7-5, 4-6, 7-6(10-3)
2-іріктеу: Жұқаев (251 орын) - Янник Хоффман (Германия, 137) 7-6(7), 6-3
3-іріктеу: Жұқаев (251 орын) - Лука Павлович (Франция, 239) 3-6, 6-3, 6-2, 7-6(5)
Бейбіт Жұқаев негізгі кезеңде сынға түсетін Бублик пен Шевченконың қатарына қосылды.
Жеребе ертең тартылады.
