6 сағат бұрын

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

Алматыда теннистен дәстүрлі BAQ Open by Tion турнирінің жеңімпаздары анықталды

28 маусым күні Алматы қаласындағы ЦСКА cпорт кешенінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай дәстүрлі BAQ Open by Tion теннис турнирі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Sport12.kz

Жазғы бәсекеде отандық медианың 30-ға жуық журналисі алаңға шығып, жеңіске деген құлшыныстарын паш етті. Таласқа толы жарыста әйелдер арасынан жаңа жеңімпаздардың есімі белгілі болса, ерлер сайысында дәстүрлі түрде Қуандық Шынасылов пен Талғат Қалиақпаров өзара чемпиондық атақты сарапқа салды.

Жарыс жүлдегерлері:

Әйелдер («Мастерс» санаты):

1 орын. Наргис Мурзагалиева (Алматы қаласы ФТК филиалының PR-менеджері)

2 орын – Асыл Абдықадырова («Хабар» телеарнасының журналисі)

3 орын – Ума Хе (and.kz порталының видеомейкері)

Ерлер (категория «Мастерс»):

1 орын – Қуандық Шынасылов (Zakon.kz журналисі)

2 орын – Талғат Қалиақпаров (КТК төрағасының кеңесшісі)

3 орын – Саби Байбусинов («Хабар» телеарнасының журналисі)

Ерлер (категория «Фьючерс»):

1 орын – Олег Хе (and.kz порталының журналисі)

2 орын – Кирилл Карагодин (sport-pulse.kz)

3 орын – Артем Котенко (Atameken Business)

Жарысқа ерекше леп берген жайт — әке мен қыздан құралған Олег Хе мен Ума Хе дуэті. Екеуі де өз санаттарында жүлделі орындарға ие болып, спорттың ұрпақтарды біріктіретін күш екенін көрсетті. Сондай-ақ, турнирде бір отбасыдан ерлер санатында Мейрхан Аширимбетов пен оның ұлы Шыңғыс Аширимбетов жүлдеге соңына дейін талас жүргізді.

Жүлделер мен демеушілік

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге турнирдің бас демеушісі Tion компаниясы ауа тазартқыштар мен сертификаттар табыстады.

Tion компаниясының негізін қалаушы Руслан Мадинов:

«BAQ Open турнирін қолдау – біз үшін үлкен мәртебе. Журналистер мен спорт сүйер қауымның басын қосқан мұндай шаралар қоғамды нығайта түседі. Қатысушыларға алғысымыз шексіз!» – деді Руслан Мадинов.

Турнир серіктестері:

Қазақстан теннис федерациясы

Tion компаниясы

PIN-UP.KZ букмекерлік компаниясы

Lengerskoe балмұздағы

Енді келесі жарыс желтоқсан айында Астана қаласында өтеді деп жоспарлануда.

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Футбол 1 минут бұрын

«Ордабасы» сапына румыниялық жартылай қорғаушы келді

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар басталды

Дзюдо 9 минут бұрын

Алматыда дзюдодан халықаралық семинар басталды

Әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды

Бокс 15 минут бұрын

Әлем кубогы: Абылайхан Жүсіпов жарыс жолынан шығып қалды

Әлем кубогы: Қазақстандыө екі боксшы жарысты жалғастырады

Бокс 3 сағат бұрын

Әлем кубогы: Қазақстандыө екі боксшы жарысты жалғастырады

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Теннис 5 сағат бұрын

Астана қаласының пара спортшылары VII республикалық спартакиадада топ жарды

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз

Бокс 5 сағат бұрын

Толқын Киличев: Қазақстан боксшыларымен Әлем чемпионатында жолығамыз