6 сағат бұрын
Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты

Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасының теннисшісі Анна Данилина әлемдік рейтингтегі орнын жақсартты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, жұптық сайыста үздік ойыншылар тізімінде Данилина Ұлыбританияның Истборн қаласында өткен турнирде жеңіске жеткеннен кейін бір саты жоғары көтерілді.
Бұған дейін теннисші тоғызыншы орында тұрған болатын. Енді Данилина сегізінші орынды иеленіп отыр.
