10 сағат бұрын
Янник Синнер алғаш рет «Уимблдон» турнирінің чемпионы атанды

Әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнер 2025 жылғы Уимблдон турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz
Финалда ол рейтингте екінші тұрған испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы ойнап, 4:6, 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
23 жастағы Синнер бұл жеңісімен «Үлкен дулыға» (Grand Slam) турниріндегі төртінші титулын жеңіп алды. Ал кәсіби мансабындағы бұл 20-шы жеңісті титулы болды.
