19 сағат бұрын
Тимофей Скатов Италиядағы жарыста қарсыласын камбэкпен тізе бүктірді

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов турнирдегі алғашқы ойынын әлемнің 220-ракеткасы, Перу өкілі Гонсало Буэномен өткізді.
Бірінші партияда перулік спортшы 6:4 есебімен басым түсті. Алайда содан кейін Скатов қарсыласына мүлде мүмкіндік бермей, қалған екі сетте де 6:1 есебімен жеңіске жетті.
Екі жарым сағатқа созылған тартысты бәсекеде қазақстандық теннисші 1 эйс, 7 брейк (12 брейк-пойнт) жасады. Буэно болса 12 брейк-пойнттың тек үшеуін ғана пайдалана алды.
Ширек финал жолдамасы үшін Скатов рейтингіде 592-орында тұрған 20 жастағы италиялық Филиппо Романомен кездеседі.
Айта кетейік, Тимофей Скатов өткен аптада Германияның Бонн қаласында өткен челленджер жарысының финалына дейін жеткен болатын. Қазіргі уақытта ол ATP Live рейтингінде 254-орынға көтерілді.
Бұған дейін Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің төртінші айналымына жолдама алған еді. Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Германиядағы жарыста топ жарды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
