2 сағат бұрын
Тимофей Скатов Италиядағы челленджер турнирін финалына шықты

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші, әлемнің 308-ракеткасы Тимофей Скатов Тоди (Италия) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport12.kz.
Еліміздің теннис федерациясының хабарлауынша, қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемнің 246-ракеткасы, монаколық Валентен Вашеромен шеберлік байқасты.
Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Тимофей жеңіске жетті.
Екі сағат 13 минутқа созылған тартысты бәсекеде Скатов 3 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Тимофей Скатовтың финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
