7 сағат бұрын
Карлос Алькарас US Open турнирінің үшінші айналымына өтті

Алькарас
Әлемнің екінші ракеткасы Карлос Алькарас АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымында Маттия Беллуччиден (ATP – 65) басым түсті. Испандық теннисші үш сетте жеңіске жетті – 6:1, 6:0, 6:3.
Матч 1 сағат 38 минутқа созылды. Алькарас жеті эйс орындап, екі қос қателік жасады және 17 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды. Беллуччи екі эйс соғып, бір ғана қос қателікпен шектелді, алайда брейк мүмкіндіктерін пайдалана алмады.
Осылайша Алькарас US Open турнирінде сенімді ойынын жалғастырып, үшінші айналымда 23 жастағы италиялық Лучано Дардеримен (ATP – 34) кездесетін болды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
