6 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Қытайдың Чжанцзяган қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жұптық сайыста аяқтады

Денис Евсеев
Қазақстандық теннисші Денис Евсеев ресейлік Илья Симакинмен бірге Қытайдың Чжанцзяган қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін жұптық сайыста аяқтады.
27 тамыз күні 1/8 финалда олардың қарсыластары Жаңа Зеландиядан Аджит Рай мен австралиялық Бернард Томич болуы тиіс еді. Алайда бұл жұп турнирден бас тартқан соң, Евсеев пен Симакин Швейцария спортшысы Лука Кастельнуово және австралиялық Акира Сантильянға қарсы шықты. Кездесу екі сетте аяқталып, қазақстандық-ресейлік жұп 3:6, 6:7 есебімен жеңіліп қалды.
Матч 1 сағат 9 минутқа созылды. Осылайша Евсеев пен Симакин ширек финалға өте алмады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
