4 күн бұрын
Анна Данилина US Open турнирін жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Анна Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге US Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Бірінші айналымда олар хорват Антония Рузич пен нидерландтық Бибиане Схофсты 6:1, 6:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты.
Сондай-ақ Александр Бублик US Open турнирінің үшінші айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші австралиялық Тристан Скулкейтті 6:3, 6:3, 6:3 есебімен сенімді ұтты.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
