2 күн бұрын
Заңғар Нұрланұлы теннистен АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер арасында АҚШ ашық чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Алғашқы айналымда қазақстандық теннисші америкалық Рошан Сантошты 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Заңғар Нұрланұлы 1/8 финалға шығу үшін Польша өкілі Алан Важны немесе тағы бір америкалық Райан Козадтың қай жеңгенімен таласады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
