5 сағат бұрын
Қазақстандық теннисші Франциядағы турнирді сәтсіз бастады

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Франциядағы Кассис қаласында өтіп жатқан «челленджер» турнирін сәтсіз бастады. Ол алғашқы айналымда жергілікті спортшы Антуан Эскоффьеге екі сетте – 4:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Кездесу 1 сағат 33 минутқа созылды.
Жалпы фаворит саналған Скатов қарсыласының қарқынына төтеп бере алмады. Ал француз теннисшісі келесі кезеңде Бенуа Пэр (әлемдік рейтингте 686-орын) мен Мае Малиждің (534-орын) арасындағы матч жеңімпазымен кездеседі.
Турнирдің жүлде қоры – 91 250 еуро. Жарыс жеңімпазы 12 980 еуро сыйақы мен рейтингте 75 ұпай еншілейді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
