2 күн бұрын
Арина Соболенко Серена Уильямстың жетістігін қайталады

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко үшінші рет қатарынан АҚШ ашық чемпионатының финалына шықты. Жартылай финалда Артур Эш аренасында беларусь теннисшісі америкалық Джессика Пегуланы 3:6, 6:3, 6:4 есебімен жеңді.
Осылайша, Соболенко Серена Уильямстан кейін Нью-Йорктегі «Үлкен дулыға» турнирінің финалына үш жыл қатарынан шыққан алғашқы спортшы атанды. Уильямс бұл жетістікке 2012–2014 жылдары жеткен болатын.
Қазіргі US Open турнирінің шешуші матчында беларусь теннисшісі Наоми Осака (Жапония) мен Аманда Анисимова (АҚШ) арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.
Еске сала кетейік, 2023 жылғы финалда Соболенко Кори Гауффтан ұтылса, 2024 жылы реванш алып, Джессика Пегуланы жеңген еді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
