7 сағат бұрын
Аружан Сағындықова Қытайдағы турнирде чемпион атанды

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстандық теннисші, әлемнің 958-ракеткасы, 20 жастағы Аружан Сағындықова Луань (Қытай) ITF W15 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, отандасымыз финалда әлемнің 797, осы жарыстың 5-ракеткасы, 19 жастағы ресейлік спортшы Мария Калякинамен бас жүлдені сарапқа салды.
Бірінші партияда Аружан 6:4 есебімен басымдық танытты. Екінші сетте де Сағындықова дүниежүзілік рейтингіде өзінен әлдеқайда жоғары тұрған қарсыласының мысын басты – 6:3. Осылайша, екі партияда қарсыласын сан соқтырған қазақстандық теннисші чемпиондық тұғырға көтерілді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
