4 күн бұрын
Елена Рыбакина Қазақстанға оралды

Теннистен Уимблдон-2022 чемпионы Елена Рыбакина Алматыға келді, деп хабарлайды Sport12.kz
Сапар барысында спортшы теннис орталығына барып, жас теннисшілермен кездесіп, шағын шеберлік дәрісін өткізді.
Айта кетейік, жақында ғана АҚШ-та өткен US Open-2025 турнирінде Елена Рыбакина төртінші айналымға дейін жетті. 1/8 финалда ол чехиялық Маркета Вондроушовадан 4:6, 7:5, 2:6 есебімен жеңіліп қалды.
Елена Рыбакина алдағы уақытта 16-21 қыркүйек аралығында Қазақстан құрамасы сапында Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне қатысады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
