3 күн бұрын
Дэвис Кубогі: Қазақстан – Оңтүстік Корея матчының жеребесі тартылды

Теннис
Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы Дэвис кубогының плей-офф кезеңіне жеребе рәсімі өтті.
Жеребе нәтижесі бойынша, 12 қыркүйекте алғашқы ойынды Александр Шевченко мен Чон Хен бастайды. Ал екінші кездесуде Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик корей ойыншысы Квон Сун Вумен кортқа шығады.
13 қыркүйекте жұптық матч өтеді: қазақстандық Бейбит Жукаев пен Тимофей Скатов Нам Чжи Сун және Пак Уй Сун дуэтімен кездеседі. Бұдан кейін тағы екі жеке кездесу жоспарланған: Шевченко қайтадан Чонмен, ал Бублик Квонмен күш сынасады.
Барлық матчтар Чхунчхондағы Songam Sport Town кешенінің хард кортында өтеді. Қарсыласу төрт жеке және бір жұптық ойынды қамтиды, кездесулер үш сетке дейін созылады. Регламентке сәйкес, әр құрама капитаны матч басталардан бір сағат бұрын ойыншыны алмастыруға құқылы.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
