3 сағат бұрын
WTA рейтингінде қазақстандық теннисшілердің орындары белгілі болды

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингін жариялады.
Жекелей сында қазақстандық Елена Рыбакина ондықтағы орнын сақтап, 10-орында қалды. Ал Юлия Путинцева бір саты төмен сырғып, қазір 61-орында тұр.
Тізімнің алғашқы үштігінде өзгеріс жоқ: көшбасшы — беларусь теннисшісі Арина Соболенко, екінші орында — польшалық Ига Швёнтек, үшінші сатыда — америкалық Кори Гауфф.
Жұптық сында да алғашқы үштік өзгерген жоқ: Тейлор Таунсенд (АҚШ), Катержина Синякова (Чехия) және Эрин Рутлифф (Жаңа Зеландия) үздік орында. Қазақстандық Анна Данилина бір саты төмен түсіп, 13-орында тұр. Путинцева да бір орын жоғалтып, 107-орында. Ал Жібек Құланбаева бірден 19 сатыға көтеріліп, 109-орынға жайғасты. Рыбакина бұл тізімде екі орын жоғалтып, 265-ші орынға түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
