2 сағат бұрын
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатында АҚШ-пен кездеседі

Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйекте командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтедә, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте ширек финалда АҚШ теннисшілерімен шеберлік байқасады. Бұл қос команданың өзара алғашқы кездесуі болмақ.
АҚШ құрамасы дүниежүзілік додада 18 рет жеңімпаз атанған. Соның ішінде 1976-1982 жылдары қатарынан жеті титулға қол жеткізді.
Қазақстандықтар Билли Джин Кинг кубогының әлемдік командалық рейтингісінде алтыншы орында тұр. Бұл — Қазақстан үшін ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан әйелдер құрамасы Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сияқты елдерді артта қалдырды.
Әлем чемпионатында ел намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина қорғайды.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
