2 сағат бұрын
Атақты теннисші Алматыдағы ATP 250 турниріне барудан бас тартты

ATP рейтингінде 26-орында тұрған, Грекия теннисшісі Стефанос Циципас Almaty Open турниріне қатыса алмайды, деп хабарлайды Sport12.kz
Оған Бразилия құрамасына қарсы Дэвис кубогы матчтарында алған жарақаты әсер етті.
Жарақатына байланысты Циципас Жоао Фонсекаға қарсы ойында бар мүмкіндігін көрсете алмады және Қазақстандағы турнирді өткізу туралы шешім қабылдады.
Оның орнын италиялық Лука Нарди алмастырады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
