2 сағат бұрын
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Грузиядағы турнирге қатысады

Фото: Қазақстан ҰОК
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Батумиде (Грузия) өтетін халықаралық WTT Youth Contender Batumi турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport12.kz.
Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, жүлделер 11, 13, 15, 17 және 19 жасқа дейінгі санаттарда сарапқа салынады.
Бұл жарыста Әзірбайжан, Англия, Болгария, Голландия, Грузия, Үндістан, Израиль, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир 18-21 қыркүйек аралығында өтеді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
