1 сағат бұрын
Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан алғашқы ойында жеңіліп қалды

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында Қазақстан мен АҚШ құрамалары кездесуде.
Алғашқы матчта Юлия Путинцева (WTA – 61) америкалық Эмма Наварромен (WTA – 18) күш сынасты. Тартысты бәсекеде Путинцева шешуші сетте екі матчболды жүзеге асыра алмай, 5:7, 6:2, 6:7 (6:8) есебімен жеңіліс тапты. Ойын 2 сағат 30 минутқа созылды.
Осылайша, АҚШ құрамасы серияда 1:0 есебімен алға шықты. Енді кортқа Елена Рыбакина мен Джессика Пегула шығады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
