2 сағат бұрын
Денис Евсеев Гуйянь турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев (ATP №340) Қытайдың Гуйянь қаласында өтіп жатқан турнирде сәтті өнер көрсетуде. 1/8 финалда ол тай спортшысы Вишай Тронгчароенчайкулды (ATP №838) 6:2, 6:7, 6:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды. Кездесу 1 сағат 56 минутқа созылды.
Енді Евсеев жартылай финалға шығу үшін швейцариялық Люка Кастельнуовомен (ATP №465) күш сынасады.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші турнирді іріктеу кезеңінен бастаған. Ол алдымен қытайлық Янь Цзечженді (рейтингсіз) 6:3, 6:2 есебімен, кейін Вейвень Паньді (ATP №1596) 6:3, 6:2 есебімен ұтты. Негізгі сеткада америкалық Эван Чжудан (ATP №576) да 6:2, 3:6, 6:1 есебімен басым түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
