4 сағат бұрын
Янник Синнер Париждегі «Мастерс» және Дэвис кубогының финалын өткізіп алады

Итальяндық теннисші, әлемнің екінші ракеткасы Янник Синнер маусым соңындағы екі маңызды турнирге қатыспайтын болды. Бұл туралы Eurosport журналисі Симоне Этерно хабарлады.
Синнер Париждегі «Мастерс» турнирін, сондай-ақ Дэвис кубогының финалдық кезеңін өткізіп жібереді. Италия құрамасы бұл жарыста өткен жылғы чемпиондық атағын қорғайтын еді.
Дегенмен, теннисші Венадағы ATP-500 турнирінде (20–26 қазан) және ATP маусымдық қорытынды турнирінде (9–16 қараша, Турин) өнер көрсетуді жоспарлап отыр.
Еске салайық, бұған дейін Синнер Шанхайдағы «Мастерс» жарысының үшінші айналымында Нидерланд өкілі Таллон Грикспорға қарсы ойында (7:6, 5:7, 2:3) аяқ бұлшықеттеріндегі тырысуға байланысты кездесуді аяқтай алмай, турнирден шыққан болатын.
Соған қарамастан, Янник Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өтетін көрмелік Six Kings Slam турниріне қатысады. Мұнда ол 6 миллион фунтқа дейін табыс табуы мүмкін.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
