6 сағат бұрын

Александр Бублик ATP турнирінің күнтізбесін өзгертуге шақырды

Александр Бублик ATP турнирінің күнтізбесін өзгертуге шақырды

Қазақстандық теннисші Александр Бублик кәсіби теннисшілер қауымдастығына (ATP) ресми үндеу жолдады. Ол мұндай бастаманы дат спортшысы Хольгер Руне жартылай финалда жарақат алғаннан кейін көтерді.

Стокгольмде өткен ATP-250 санатындағы турнирдің жартылай финалында Руне француз Уго Умбермен кездесіп жатқан сәтте ахилл сіңірін жарақаттап алды. Есеп 6:4, 2:2 (40:40) кезінде ол ойынды жалғастыра алмай, кортты көз жасымен тастап кетті.

Осы оқиғадан кейін Александр Бублик өзінің Instagram парақшасында:

«Бізге турнир кестесінде өзгерістер қажет @atptour. @holgerrune, сен міндетті түрде бұрынғыдан да мықты болып ораласың», — деп жазды.

Финалда Стокгольмде Каспер Рууд (Норвегия) пен Уго Умбер (Франция) кездеседі.

Ал Бублик ертең Вена (Австрия) қаласында өтетін Vienna Open турнирінде өнер көрсетеді. Бұл жарыс ATP 500 санатына жатады, жалпы жүлде қоры — шамамен 2,6 миллион еуро.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

Бокстан Қазақстан чемпионатында қай өңірден қанша спортшы шықты?

Бокс 21 минут бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатында қай өңірден қанша спортшы шықты?

Бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалға кімдер жетті?

Бокс 30 минут бұрын

Бокстан Қазақстан чемпионатында жартылай финалға кімдер жетті?

«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде жанкүйерлер саны жөнінен рекорд жаңарды

Футбол 1 сағат бұрын

«Астана» мен «Ақтөбе» кездесуінде жанкүйерлер саны жөнінен рекорд жаңарды

Өзбекстаннан келген боксшы жүлдеге ілікті

Бокс 2 сағат бұрын

Өзбекстаннан келген боксшы жүлдеге ілікті

Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын аяқтады

Басқа 2 сағат бұрын

Таэквондодан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына дайындығын аяқтады

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы ойын көрсетуін бастады

Басқа 2 сағат бұрын

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы ойын көрсетуін бастады