4 сағат бұрын
Қазақстандық Александр Шевченко әлемдік ATP рейтингінің үздік 90 тізімінен шығып қалды

ATP (Кәсіби теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. Рейтингтің көшін әлі де Испания өкілі Карлос Алькарас бастап тұр. Екінші орында — Италияның Янник Синнері, ал үздік үштікті Германия теннисшісі Александр Зверев түйіндеді.
Қазақстандықтар арасында ең жоғары орында — Александр Бублик, ол өз позициясын сақтап, 16-орында қалды. Ал оның отандасы Александр Шевченко сегіз саты төмен сырғып, 99-орынға түсті. Осылайша ол әлемдік рейтингтің үздік жүздігі шегіне таяды.
Жұптық разрядта рейтинг көшін британдық Ллойд Глэсспул ұстап тұр. Екінші орынды Марсело Аревало (Сальвадор) мен Мате Павич (Хорватия) бөліссе, тағы бір британдық — Джулиан Кэш төртінші орынға түсті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
