11 сағат бұрын
Елена Рыбакинаның Токио турниріндегі алғашқы қарсыласы белгілі болды

Жапония астанасы Токиода өткен WTA 500 санатындағы беделді хард турнирінің бірінші айналымы аяқталды.
Бірінші кезеңде әлемнің 22-ракеткасы, канадалық Лейла Фернандес пен рейтингте 54-орында тұрған грек спортшысы Мария Саккари кездесті. Тартысты өткен матчта Фернандес екі сет қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 7:6 (7:5), 6:4. Кездесу 2 сағат 2 минутқа созылды.
Осылайша, екінші айналымда Лейла Фернандес Қазақстанның үздік теннисшісі, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинамен (2-нөмірлі қосалқы) кортқа шығады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
