5 күн бұрын
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан және Түркия теннис федерациялары спорт саласындағы серіктестікті кеңейту мақсатында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов пен Түркия теннис федерациясының басшысы Шафак Мюдеррисгил қол қойды.
Меморандум екі елдің теннисті ұлттық және халықаралық деңгейде дамытуға, тәжірибе мен озық әдістемелермен алмасуға бағытталған.
Құжат аясында тараптар бірқатар бағыттар бойынша бірлескен жобаларды іске асырады. Атап айтқанда:
- спортшылар мен бапкерлерді даярлау — ортақ оқу-жаттығу жиындары, бапкерлермен алмасу, ұлттық семинарлар мен конференцияларға қатысу;
- жастарды қолдау — жас теннисшілерді дамытудағы үздік тәжірибелермен алмасу және бірлескен турнирлер ұйымдастыру;
- турнирлер өткізу — ATP, WTA және ITF деңгейіндегі кәсіби және жастар жарыстарын қамту;
- білім беру және төрешілік саласы — бапкерлерге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеу, төрешілер мен ресми тұлғалар үшін халықаралық тәжірибе ұйымдастыру;
- инфрақұрылымды жетілдіру және инклюзивтік бағдарламалар.
Қазақстан мен Түркия соңғы жылдары әлемдік теннис қауымдастығында тұрақты түрде дамып келе жатқан елдер санатында. Бұл ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, жас таланттарды қолдауға және қос елдің халықаралық теннистегі беделін арттыруға мүмкіндік береді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас