4 күн бұрын

Энди Роддик: «Рыбакина – әлемдегі ең мықты подача иегері»

Энди Роддик: «Рыбакина – әлемдегі ең мықты подача иегері»

АҚШ-тың бұрынғы бірінші ракеткасы әрі US Open-2003 турнирінің чемпионы Энди Роддик қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның ойыны мен подачасын жоғары бағалап, оның 2026 жылғы маусымда үлкен жетістікке жететініне сенім білдірді.

«Ол бабында болған кезде – әлемдегі ең мықты подачаға ие теннисші. Мен тіпті оған жақындай алатын басқа спортшыны атай алмаймын. Мүмкін, Арина Соболенко кейде жақсы пода беретін шығар. Бірақ [Елена] Рыбакина корттың кез келген бұрышынан бірдей деңгейде ойнай алады. Қай жақтан соқса да, дәл және тұрақты», — деді Роддик.

Оның айтуынша, Рыбакина үшін 2025 жыл оңай болмаған: жеке себептер мен бапкерлер құрамындағы өзгерістер оған әсер еткен.

«Бұл жыл ол үшін шашыраңқылық жылы болды. Бірақ қазір ол өз бабында, ойыны мінсіз. US Open-де де жақсы өнер көрсетті. Мен оның финалға дейін жететініне сенгенмін. Мүмкін, мен тым әсерленіп тұрған шығармын, бірақ алдағы маусымда Рыбакинадан үлкен жетістік күтемін», — деді Энди Роддик Served with Andy Roddick подкастында.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас