6 сағат бұрын
Елена Рыбакина: Токио турнирінде сәтті дебют жасадым

Әлемдік WTA рейтингінде жетінші орында тұрған Елена Рыбакина Токио (Жапония) турниріндегі алғашқы жеңісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sport12.kz
WTA 500 Tokyo турнирінің 1/8 финалында Рыбакина екі сетте канадалық Лейла Фернандесті (әлемнің 22-ракеткасы) 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
— Бүгінгі матч өте қиын болды. Лейлаға қарсы ойнау оңай емес. Токио турнирінде сәтті дебют жасадым. Жеңіске жеткеніме өте қуаныштымын. Келесі матчты тағатсыздана күтіп жүрмін.
Әрине, Нинбодан кейін өзімді сәл шаршағандай сезінемін. Бірақ соңғы күш-жігерімді салуға дайынмын. Өткен аптаны қалай өткізгеніме сөзсіз ризамын. Сол аптадағы көңіл-күйді осында да алып келуге тырысып жүрмін. Бүгін мені қолдауға келгендердің бәріне алғыс айтқым келеді, - деді Рыбакина корттағы сұхбатында.
Айта кетейік, Елена енді ширек финалда Канада спортшысы Виктория Мбоконы жеңсе, жылдың қорытынды турниріне жолдама алады.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас
