2 күн бұрын

Қазақстан жұлдызы Рыбакина — WTA маусымдық финалында

Қазақстан жұлдызы Рыбакина — WTA маусымдық финалында

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 7-орын) Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалында жеңіске жетті.

Рыбакина 23-орындағы канадалық Виктория Мбокомен кездесіп, екі сетте жеңісті жұлып алды — 6:3, 7:6 (7:4). Кездесу 1 сағат 27 минутқа созылды.

Осылайша, Елена турнирдің жартылай финалына жолдама алды, онда ол Чехия өкілі Линда Носковамен (17-орын) күш сынасады. Сонымен қатар, бұл жеңіс Рыбакинаға WTA маусымдық финалына (Итоговый турнир) қатысу құқығын қамтамасыз етті. Маусымның шешуші додасы қараша айының басында Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.

Айта кетсек, Токио турнирінің жалпы жүлде қоры — 1 064 510 доллар. Турнир жеңімпазы 164 000 доллар және 500 рейтингтік ұпай иеленеді.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас