4 сағат бұрын

Елена Рыбакина азиялық теннис тарихын қайта жазды

Елена Рыбакина азиялық теннис тарихын қайта жазды

Қазақстандық теннис жұлдызы Елена Рыбакина тағы да әлемдік теннис тарихында өз есімін қалдырды. Ол 2003 жылдан бері топтық формат қайта енгізілгеннен кейін WTA қорытынды турниріне қатарынан үш рет жолдама алған Азиядағы тек екінші спортшы атанды.

Бұған дейін мұндай нәтижеге тек қытайлық теннистің аңызы Ли На қол жеткізген еді — ол 2011–2013 жылдары үздік сегіздікке тұрақты түрде іріктеліп отырған.

Енді Рыбакина кезекті маңызды сынаққа дайындалуда. Қазіргі уақытта ол Токиода өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты. Бұл кезеңде қазақстандық теннисші әлемнің 17-ракеткасы, чехиялық Линда Носковамен кездеседі.

Бұл матч Рыбакина үшін маусымның басты додасы — 1–8 қараша аралығында Эр-Риядта өтетін WTA қорытынды турнирі алдындағы тамаша дайындық болмақ.

Еске сала кетсек, Елена Рыбакина биыл маусым ішінде бірнеше беделді турнирлерде финал мен жартылай финалдарға дейін жетіп, әлемдік рейтингте үздік жетілікке тұрақты түрде еніп келеді.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас

MEGOGO-да құтқарушылар туралы сериалдың премьерасы дайындалып жатыр

Басқа

MEGOGO-да құтқарушылар туралы сериалдың премьерасы дайындалып жатыр

Премьер-лиганың соңғы жолдамасын күтпеген команда иеленді

Футбол 18 минут бұрын

Премьер-лиганың соңғы жолдамасын күтпеген команда иеленді

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов қатысқан әлем чемпионатында сенсация тіркелді

Басқа 50 минут бұрын

Спорттық гимнастикадан Нариман Курбанов қатысқан әлем чемпионатында сенсация тіркелді

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатының алғашқы күнін қалай өткізді?

Басқа 1 сағат бұрын

Таеквондошыларымыз әлем чемпионатының алғашқы күнін қалай өткізді?

Шавкат Рахмонов II дәрежелі  «Барыс» орденімен марапатталды

Футбол 1 сағат бұрын

Шавкат Рахмонов II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды

Басқа 2 сағат бұрын

Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды