12 сағат бұрын

Елена Рыбакина титул үшін күрестен ресми түрде бас тартты

Елена Рыбакина титул үшін күрестен ресми түрде бас тартты

Қазақстандық теннисші, әлемнің жетінші ракеткасы Елена Рыбакина Токио (Жапония) қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінің жартылай финалына қатыспайтыны хабарланды.

Бүгін, 25 қазанда, Рыбакина әлем рейтингінде 17-орында тұрған чехиялық Линда Носковамен кездесуі тиіс еді. Алайда матч басталар алдында Рыбакинаның ойыннан бас тартқаны белгілі болды. Ресми себеп әлі жарияланбаған. Осылайша Носкова финалға шықты және титул үшін швейцариялық Белинда Бенчич пен америкалық София Кенин жұбының жеңімпазымен ойнайтын болды.

Естеріңізге сала кетейік, турнир барысында Рыбакина екі канадалық теннисшіні жеңген еді: Лейла Фернандес (22-орын) — 6:4, 6:3 және Виктория Мбоко (23-орын) — 6:3, 7:6. Мбоконы жеңуі оған WTA Финалдық турниріне қатысу мүмкіндігін берді. Бұған дейін, өткен аптада, Елена Қытайдың Нинбо қаласында өткен турнирде жеңімпаз атанған болатын.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас