Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

Дәл қазір эфирде Барселона – Атлетико Мадрид Өту
«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

05.11.2025

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко бапкерін неге қуып жіберді?

Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко бапкерін неге қуып жіберді?

Әлемнің бірінші ракеткасы, төрт дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің чемпионы Арина Соболенко өзінің бапкері Антон Дубровтың не себепті WTA-2025 қорытынды турниріндегі матч кезінде корттан кетіп қалғанын түсіндірді.

— Мүмкін, сол сәтте мен оған тым қатал болған шығармын. Шынымды айтсам, өзімді өте ауыр сезіндім, қатты күйзелісте болдым және эмоциямды шығарып тастау қажет еді. Бірақ, иә, мен шектен шығып кеттім.
Оның сол сәтте корттан кеткені дұрыс болды деп ойлаймын — мені өз ойларыммен жалғыз қалдырғаны жөн еді. Тек ол мені қатты көңілінен шығармаған шығар деп үміттенемін. Кешірім сұраймын, мен қатты ашулы болдым және барлық ашуымды оған төктім, бірақ сол арқылы өзімнің ең жақсы ойынымды көрсете алдым, — деді Соболенко Punto de Break басылымына берген сұхбатында.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»