Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

11.11.2025

Қазақстандық теннисшілер Лион турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисшілер Лион турнирінің негізгі кезеңіне шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Францияның Лион қаласында өтіп жатқан ATP Challenger турнирінің негізгі кезеңіне жолдама алды. Іріктеу кезеңінің шешуші матчында әлемнің 282-ракеткасы британдық Джордж Лоффагенді сенімді түрде екі сетте жеңді – 6:4, 6:4.

Жукаев ойын барысында бастаманы өз қолында ұстап, қарсыласына ұзақ ұпай алмасулар жүргізуге мүмкіндік бермеді. Оның агрессивті ойыны мен дәл подачалары жеңіске жетуге сеп болды.

Бұған дейін осы турнирдің негізгі кезеңіне тағы бір қазақстандық теннисші – Михаил Кукушкин де өткен болатын. Осылайша, Қазақстан Лиондағы жарыста бірден екі спортшымен ұсынылмақ.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»