25.11.2025
Елена Рыбакина мансабындағы ең жоғарғы жетістігін атады
Әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Уимблдон-2022 турниріндегі жеңісі маңыздырақ деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Sport12.kz
«Уимблдон мен үшін үлкен жеңістердің бірі болды. Кейін мен Аустралия Ашық чемпионатында тағы бір «Үлкен дулыға» финалына шықтым. Енді қазір қорытынды турнирде топ жардым.
2022 жылы бұл күтпеген жағдай болды. Эмоциялар өте көп еді. Сол кезде Уимблдондағы жеңіс менің есімде ерекше қалды. Осы маусымда да ауыр қарсыластармен қиын матчтар өткіздім. Бірақ Уимблдон жеңісі әлі де маған ерекше әсер қалдырады», — деді Рыбакина.
Айта кетейік, Елена Рыбакина биылғы маусымында мансабындағы ең көп сыйақысын тапты.
Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»
Қанат Байұзақов