Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

27.11.2025

Бейбіт Жукаев Australian Open іріктеуінде жартылай финалға шықты

Бейбіт Жукаев  Australian Open іріктеуінде жартылай финалға шықты

Қазақстандық теннисші Бейбіт Жукаев Чэнду (Қытай) қаласында өтіп жатқан Australian Open турнирінің Азия–Тынық мұхиты аймағындағы іріктеуінде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Ширек финалда ол ATP рейтингінде әлдеқайда жоғары тұрған жапониялық Юсуке Ватанукимен (ATP–160) кездесіп, матчты қиын жағдайда бастап, кері қайта білді. Алғашқы сет тай-брейкте қарсыласына 6:7 (4:7) есебімен жол берген Жукаев екінші партияда брейк жасап, 6:4 есебімен таразы басын теңестірді. Шешуші үшінші сет те 6:4 нәтижесімен аяқталып, матч Бейбіттің пайдасына шешілді.

Осылайша, Жукаев Australian Open негізгі сеткасына жолдама беретін іріктеудің жартылай финалына өтті.

Еске салайық, жарыстың алғашқы айналымында (1/8 финал) қазақстандық теннисші тайлық Касидити Самрежді 6:4, 7:6 есебімен жеңген болатын.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»