Сыйлық

Бүгінгі күннің бонустары

«Ойна,болжа, қатыс! Өту
Olimpbet Видеореп

28.11.2025

Денис Евсеев Исламабадтағы турнирдің жартылай финалына өтті

Денис Евсеев Исламабадтағы турнирдің жартылай финалына өтті

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Пәкістан астанасы Исламабадта өтіп жатқан «Челленджер» сериясындағы турнирдің жартылай финалына жолдама алды.

1/4 финалда әлемнің 404-ракеткасы швейцариялық Йохан Никлеспен (АТР рейтингі – 584) кездесіп, алғашқы сетте жеңіліп қалды. Алайда Евсеев ойын ритмін өзгертіп, қарсыласын 4:6, 6:1, 6:1 есебімен сенімді жеңді.

Матч 1 сағат 32 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші өз подачасында 4 гейм жоғалтқанымен, 7 брейк жасап, айқын басымдық көрсетті.

Евсеевтің жартылай финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.



Біздің серіктес: «Ойна, болжа, қатыс!»