2 күн бұрын
Қазақстандық Путинцева командысы «Солтүстік Пальмира жүлделерінде» чемпион атанды
Юлия Путинцева, Даниил Медведев, Вероника Кудерметова және Карен Хачанов құрамында өнер көрсеткен «Сфинксы» командасы «Трофеи Северной Пальмиры» («Солтүстік Пальмира жүлделері») турнирінің жеңімпазы атанды.
Барлық матчтардың қорытындысы бойынша «Сфинксы» 105 ұпай жинап, қарсыластарының 100 ұпайын артта қалдырды. Қосарлы разрядтағы соңғы матчтағы жеңіліс жалпы нәтижеге әсер етпеді — команда көшбасшылықты сақтап, турнирде жеңіске жетті.
«Солтүстік Пальмира жүлделері» — ATP және WTA турларындағы белсенді теннисшілер мен спорт аңыздары қатысатын халықаралық командалық турнир. Жарыс 2022 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы тур Санкт-Петербургте 29–30 қараша күндері өтті.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас