1 күн бұрын

Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

Зарина Диас Australian Open турниріне іріктеуден өтті

Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстандық теннисші Зарина Диас 2026 жылғы Австралия ашық чемпионатының негізгі кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport12.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, отандасымыз Қытайда өткен The Australian Open Asia-Pacific іріктеу турнирінде осындай мүмкіндікке қол жеткізді. Осы жарыстың жеңімпазы Australian Open турнирінің негізгі кезеңіне wild card алу мүмкіндігіне ие болатын.

Іріктеудің финалында Зарина Тайбэй өкілі Лян Эньшуомен кездесіп, 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Зарина Australian Open жарысында 2014, 2015, 2020 және 2021 жылдары үшінші айналымға дейін жеткен.


Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас