14 сағат бұрын
Александр Бублик эйс көрсеткішімен үздік бестікте
Қазақстандық теннисші, әлемнің 11-ракеткасы Александр Бублик 2025 жылғы маусымда орындаған эйстер саны бойынша ATP турының үздік ондығына кірді. Ол маусым ішінде 674 эйс жасап, жалпы тізімде бесінші орынға орналасты.
Маусым көшбасшысы — АҚШ теннисшісі Тейлор Фриц (әлемнің 6-ракеткасы), оның еншісінде 867 эйс бар.
2025 жылғы маусымдағы ATP турының эйс бойынша үздік ондығы:
- Тейлор Фриц (АҚШ) — 867
- Райлли Опелка (АҚШ) — 790
- Феликс Оже-Альяссим (Канада) — 783
- Якуб Меншик (Чехия) — 679
- Александр Бублик (Қазақстан) — 674
- Бен Шелтон (АҚШ) — 607
- Джованни Мпетчи Перрикар (Франция) — 596
- Александр Зверев (Германия) — 577
- Артур Риндеркнеш (Франция) — 540
- Даниил Медведев (Ресей) — 534
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас