14 сағат бұрын
Елена Рыбакина әлемдік теннисте рекорд жаңартып, тарихқа енді
Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина ерекше жетістікке қол жеткізіп, соңғы тоғыз жылда алғаш болып бір маусымда 500-ден аса эйс орындаған теннисші атанды.
Өткен маусымда қазақстандық спортшы 78 матчта 516 эйс жасап, әйелдер теннисінде маусымдық көрсеткіш бойынша дара шықты. Бұл тізімде екінші орын Чехия өкілі Линда Носковада — ол 66 кездесуде бар болғаны 373 эйс орындаған.
2025 жылғы маусым Рыбакина үшін өте табысты болды. Ол Страсбург (Франция) және Нинбо (Қытай) турнирлерінде екі WTA-500 жарысын жеңіп, сондай-ақ Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен WTA-2025 маусымдық Финалында топ жарды. Финалда Елена әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңді.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас