16 сағат бұрын
Қазақстандық жұп Италиядағы WTT турнирінде үздік үштікке кірді
Қазақстандық теннисшілер Сарвиноз Миркадировка мен Искендер Харки Италияның Парма қаласында өтіп жатқан WTT Feeder Parma халықаралық турнирінде қола медаль жеңіп алды.
Қазақстандық жұп аралас жұптық разрядта екі кезеңдік плей-оффтан сәтті өтіп, жарысты үшінші орынмен аяқтады.
Нәтижелер:
1/8 финал
Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова — Нандан Нареш / Лилу Массарт (АҚШ / Бельгия) — 3:2
Ширек финал
Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова — Хармит Десаи / Криттвика Рой (Үндістан) — 3:2
Жартылай финал
Искендер Харки / Сарвиноз Миркадирова — Чо Сынмин / Ю Сиу (Корея) — 0:3
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас