14 сағат бұрын

Уильямс теннисқа қайта оралады деген ақпаратқа нүкте қойды

Уильямс теннисқа қайта оралады деген ақпаратқа нүкте қойды

23 дүркін «Үлкен дулыға» турнирінің жеңімпазы, бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы Серена Уильямс кәсіби спортқа қайта оралады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sports.kz Championat.com-ға сілтеме жасап.


Бұған дейін 44 жастағы америкалық спортшының ITIA допинг-тестілеу тізімінде қайта пайда болуы оның кортқа оралуы мүмкін деген болжамды күшейткен еді.

«Құдай-ай, достар, мен ҚАЙТПАЙМЫН. Бұл қауесеттердің қалай тарағаны — ақылға сыймайды», — деп жазды Серена әлеуметтік желідегі X парақшасында.

Бұған қоса, журналист Бен Ротенберг Уильямстың бастапқыда 2025 жылғы US Open турнирінде әпкесі Винуспен жұптық разрядта өнер көрсету үшін қайта оралуды жоспарлағанын да айтып өтті.

Серена Уильямс 2022 жылы мансабын аяқтады. Ол «Үлкен дулыға» жарыстарында 367 матчта жеңіске жетіп, әйелдер теннисінде рекорд орнатқан.



Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас