3 күн бұрын
Елена Рыбакина – әлемнің ең көп табыс табатын спортшыларының қатарында
Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина Sportico басылымы жариялаған ең жоғары табыс тапқан спортшы әйелдердің жыл сайынғы рейтингінде тоғызыншы орын алды.
Казахстандық теннисші маусым ішінде жүлде қоры мен жарнамалық келісімшарттарды қоса есептегенде 12,6 миллион доллар тапқан. WTA маусымдық Финал турниріндегі жеңісі оның табысын айтарлықтай арттырды.
Рейтингті америкалық Кори Гауфф бастады — оның жылдық табысы 31 млн доллар. Екінші орынға әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко (30 млн доллар), ал үшінші орынға польшалық Ига Свёнтек (23,1 млн доллар) жайғасты.
Тізімде сондай-ақ Чжэн Циньвэнь, Мэдисон Киз, Наоми Осака, Аманда Анисимова, Джессика Пегула және Винус Уильямс бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас