2 күн бұрын
Қазақтың жас теннисшісі АҚШ-та тарихи жетістікке қол жеткізді
Қазақстандық жас спортшы Ахмади Маханов Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан беделді Eddie Herr турнирінде ел тарихында алғаш рет жартылай финалға шықты. Бұл жарыс 14 жасқа дейінгі ең ірі халықаралық турнирлердің бірі саналады.
Ақтөбе теннис мектебінің түлегі, Team Kazakhstan мүшесі Ахмади Маханов ширек финалда турнирдің төртінші ракеткасы — Қытай спортшысы Ван Бошиді 6:2, 7:6 (13:11) есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Ертең, 5 желтоқсанда, ол Венесуэла өкілі Мехис Игнасиомен кездеседі.
Қазақстандық басқа ойыншылар да жақсы нәтиже көрсетті:
- Айым Канагатова квалификациядан бастап, үшінші айналымға дейін жетті.
- Ансару Ниеткалиев ширек финалда тартысты матчта қарсыласынан ұтылып, жартылай финалға сәл жетпей тоқтады.
Eddie Herr турнирі жыл сайын қараша–желтоқсан айларында Ник Боллетьери академиясында өтеді. Жарысқа әлемнің 1500-ден астам жас спортшысы қатысады. Турнирдің танымал түлектерінің қатарында Роджер Федерер, Мария Шарапова, Энди Роддик, Елена Янкович, Ана Иванович секілді жұлдыздар бар.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас