5 сағат бұрын
Астанадағы турнирде үстел теннисінен жеңімпаздар анықталды
Фото: Қазақстан ҰОК
Астанада үстел теннисінен Қазақстанның ең мықты спортшылары бас қосқан турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport12.kz.
Жарысқа ұлттық рейтингте жоғары тұрған 12 ер және 12 әйел спортшы қатысты.
Жеңіс тұғырының биік сатысына халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері, Қазақстан ұлттық құрамасының үстел теннисшілері Айдос Кенжіғұлов пен Зәуреш Ақашева көтерілді.
Ерлер
1-орын - Айдос Кенжіғұлов (Алматы)
2-орын - Санжар Жұбанов (Алматы)
3-орын - Ырысбек Артукметов (Шымкент)
Әйелдер
1-орын - Зәуреш Ақашева (Қарағанды)
2-орын - Жанерке Көшкімбаева (Қарағанды)
3-орын - Әнел Бақыт (Алматы)
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас