5 күн бұрын
Қазақстанның үздік теннисшісі Бублик ойынынан тыс әдеттерімен бөлісті
Әлемдік рейтингте 11-ші орынға ие қазақстандық теннисші Александр Бублик берген сұхбатында өзіне қатысты көпшілік білмейтін жайттарын айтты.
Сұхбаттан үзінділер:
Сізді ұйықтатпайтын нәрсе не?
— Жақсы компания.
Сіз туралы көпшілік білмейтін таңғажайып факт қандай?
— Компьютерлік ойындарға көп уақыт жұмсаймын.
Егер теннис болмаса, басқа спортқа бару мүмкіндігі болса, қайсысын таңдар едіңіз? Ұнайтын команда немесе ойыншы бар ма?
— Қазір NBA-ны қадағаламаймын, біршама шаршадым. Бірақ өзімнің фавориттерім болса, олар «Лейкерс» командасы.
Сізді қалай есте қалдыруын қалайсыз?
— Адамгершілігі бар адам ретінде. Отбасы мен жақындарыма өз мүмкіндігімше көмектескен адам ретінде.
Біздің серіктес: 200 000 фрибетті ұтысқа саламыз – арнаға жазыл және батырманы бас